Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зайырлы қоғамдағы діндар әйел қандай болуы керек?

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 20.07.2017 4734 0 пікір
Зайырлы қоғамдағы діндар әйел қандай болуы керек?

 

13-14 шілде аралығында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талшын Қожахметова Қандыағаш қаласында екі күндік семинар-тренинг өткізді.

Аудандық білім бөлімі ғимаратының мәжіліс залында өткен семинарға әйелдер, қыз-келіншектер қатысты. Теолог маман зайырлы қоғамдағы діндар әйелдің орны, дінді ұстану ерекшеліктері, дәстүрлі діннің құндылықтары жайында сөз қозғады. Некені қасиетті деп қастерлеген қазақ халқы некенің сақталуына жіті мән бергендігін айта келе, исламда уақытша некеге жол берілмейтіндігін, оның бұрыс екендігін түсіндірді. Қашан да отбасы ұйытқысы бола білген әйелдің жанұяның татулығын сақтау, бала тәрбиесіне бас-көз болу сынды жауапты міндеттері барын ескертті. Бала ата-анаға берілген аманат екендігін ұқтырып, ұрпақ тәрбиесіне, ұл-қыздың бойына ұлтжандылық, имандылық сынды ізгі қасиеттерді сіңіре отырып өсіруге баса мән беруге шақырды. Семинарға барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

Екінші күнгі кездесу барысында ұстаз Талшын Зарқұмқызы мұсылманның әдебі, мінез-құлқы жайында айтып, қоғамдағы күніге кездесетін негативті жағдайларға агрессивтілікпен, ашушаңдықпен емес, сабырмен жауап беруге дағдылану турасында қызықты тренингтер өткізді. Мінез-құлықты ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеудің артықшылықтары туралы айтып, мұсылманға жат қылық тән емес екендігін түсіндірді. Қатысушылар қосымша сауалдарын жолдап, екі күнге созылған семинар-тренингтен мол мағлұмат, үлкен ғибрат алды.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру