Түркияда қазақ және түрік тілдерінде шығатын «Қазақ елі» атты журналға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті туралы таныстыру мақала шықты.
Материалда облыстық мешіттің салыну тарихымен қатар жасалып жатқан шаралар туралы оқырмандарға кеңінен мағлұмат берілген.
Әсіресе қайырымдылық және рухани бағыттағы атқарылған жұмыстар молынан қамтылған.
Журнал мол таралыммен бірнеше Еурпа мемлекеттеріндегі қазақ оқырмандарына тарайды.
«Шетелдік басылымға біздің мешітіміз туралы жазылғаны зор мәртебе. Бұл еліміздегі мешіттердің қызметін насихаттау, асыл дінімізді таныту болып табылады. Тура жол - Исламның мерейі әркез үстем бола берсін» дейді, осы мешіттің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
18.07.2017
3656
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру