Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жас суретші Құранға деген махаббатын суретке түсірді.

muftyat.kz 13.07.2017 4424 0 пікір
Жас суретші Құранға деген махаббатын суретке түсірді.

Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті 21 жастағы суретші-мұсылман Альбина Ашба исламның сұлулығын көрсету және адамдарды дінге шақыру үшін сурет салады. Ол өз еңбектерінде каллиграфия мен кескіндеме өнерін біріктіреді.

"Мен ерте балалық шақтан кескіндеме өнеріне қатты қызығатынмын және балаларға арналған үйірмеге де қатысқанмын, ал бір жыл бұрын Құран тілі араб тілін үйреніп, үнемі маған Алла Тағаланы еске салатын нәрсе жасағым келді" - дейді мұсылман қыз.

Альбина әр суретпен бір апта бойы жұмыс істейді. Ол Ресейде каллиграфияға арналған қажетті құралдардың жоқтығын тілге тиек етті. Ал бұл жағдай оның мүмкіндіктерін шектейді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру