Көшпелі өмір салтын ұстанатын индонезиялық тайпаның бірнеше мүшесі жақсы өмірден үміт етіп, ислам дінін қабылдады. Оранг Римба тайпасының өкілдері тілдерін кәлимаға келтіргеннен кейін аты-жөндерін мұсылманша есімге ауыстырды. Көп ұзамай жаңа төлқұжат алатын болады.
Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Аталған тайпаның балалары күн сайын жиналып, қасиетті Құранға ден қойып, асыл дініміздің негіздерін зерделеп жүр. Меценат мұсылмандар тарту еткен орамалды бастарына тартқан қыз балалар мен тақия киген ұл балалар дәріс тыңдап жүр. Айта кетейік, ислам дінін қабылдаған тайпа мүшелері қатты өзгерген.



Құран Кәрімде: «Адамзат тек еңбегіне қарай табысқа жетеді. Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді. Соңыра оған қылған еңбегінің бодауы толық беріледі. Күдіксіз соңғы баратын жерің Раббың». [«Нәжім» сүресі 39-42 аяттар]
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
islam.kz
03.07.2017
5078
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру