Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДАИШ «Жәннатқа» құжат бере бастады

www.kazislam.kz 28.06.2017 6047 0 пікір
ДАИШ «Жәннатқа» құжат бере бастады

ДАИШ террористік ұйымы өз содырларына «жәннатқа төлқұжат» бере бастады.

Үкіметтік әскер азат еткен Ракка қаласынан террористердің осындай құжат үлгілері табылған. Құжат мұқабасының сыртында «Жәннатқа құжат» деген жазу басылған. Сарапшылардың пайымынша, террористік ұйым басшылары осылайша өз содырларын өлімге итеріп, сөзсіз жәннатқа түседі деп сендіруге көшкен.

Айта кету керек, табылған құжат үлгісінде ешбір адамның аты-жөні жазылмаған. ДАИШ ұйымы соңғы бірнеше айдан бері Сирия мен Иракта ойсырай жеңіліске ұшырап келеді. Қазір террористер Мосул қаласы территориясының 1%-на ғана бақылау жүргізеді. Халықаралық коалиция жақын уақытта Ракка қаласы да толықтай азат етілетінін хабарлады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру