Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

19 ЖАСАР СИРИЯЛЫҚ ҚЫЗ ЮНИСЕФ ЕЛШІСІ АТАНДЫ

www.kazislam.kz 21.06.2017 4218 0 пікір
19 ЖАСАР СИРИЯЛЫҚ ҚЫЗ ЮНИСЕФ ЕЛШІСІ АТАНДЫ

19 жастағы Музун Алмеллехан есімді сириялық қыз ЮНИСЕФ балалар қорының ең жас ерікті елшісі атанды. Сонымен қатар, ол осы қызметке тағайындалған әлемдегі алғашқы босқын деп хабарлайды ұйым өкілдері.

«Музунның батылдығы мен рухани күш-қуаты бізді таң қалдырады. Біз оның ЮНИСЕФ-тің елшісі болғанын мақтан тұтамыз», – деп мәлімдеді БҰҰ Балалар қоры атқарушы директорының орынбасары Джастин Форсит.

Алмеллехан өз кезегінде БҰҰ-дағы жаңа жұмысына қарулы қақтығыс аймақтарында зардап шеккен балаларға көмек көрсету мүмкіндігі туғаны және өз қатарластарының білім алу мүмкіндігіне қол жеткізу үшін қуанышты екенін атап кетті.

2013 жылы Алмеллехан отбасымен бірге Сириядан Иорданияға бас сауғалап келіп, лагерде бірнеше жыл өмір сүреді. Осы жерде бойжеткен қыз балалардың білім алу құқығы үшін күрес жүргізе бастайды. БҰҰ Балалар қоры оның бастамаларына қолдау көрсетеді. Нәтижесінде, Музун Алмеллехан Ұлыбританияға шақырылып, жаңа қызметке тағайындалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру