Германияның Кельн қаласында (DITIB-Zentralmoschee Köln, Merkez-Cami) орталық мешіт ашылды. Мешіт османдық архитектуралық стильде салынған. Мешіттің күмбезі шыныдан жасалған, және 55 метрлік екі мұнарасы бар.
Кельн Орталық жаңа мешітінің көлемі 4 500 шаршы метрден тұрады. Құлшылық үйінде бір мезетте 4 мыңға жуық адам намаз оқи алады.
Мешіт комплексі барлық дін өкілдері үшін айқара ашық болатын мейманханадан, кітапханадан, мұражайдан және ислам мәдени орталығынан тұрады.
Мешіт құрылысына шамамен 40 миллион доллар кеткен. Түркия Дін істері басқармасының бөлген және мұсылман жамағатының жинаған қаржысына салынған.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
15.06.2017
6300
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру