Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Катар кәсіпкері 4 мың сиыр сатып алды

www.muftyat.kz 15.06.2017 4314 0 пікір
Катар кәсіпкері 4 мың сиыр сатып алды

Көрнекі сурет: ғаламтордан

Катар кәсіпкері Мутаз әл-Хаят 4 мың сиыр сатып алды. Оның ойынша, осы сатып алған сиырлары елді сүт жетіспеушілігінен құтқарады, бұл оқиға ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізуші бірнеше ел Катармен дипломатиялық байланысын үзді деп жариялағаннан кейін орын алып отыр. АҚШ пен Аустралиядан сатып алынған сиырлар жақын уақытта Қатарға жеткізілетін болады.

Оларды Катарға тасымалдау үшін 60-қа жуық рейс қажет екен.  Сиырларды сатып алу қаншаға түскені белгісіз, тек малдарды ұшақпен тасымалдау үшін 8 миллион доллардан астам қаражат кететіні мәлім болған.

Маусымның соңына Катарда өз сүт өнімін өндіру жоспарланып отыр. Осылайша, жаздың ортасына қарай елдің сүт пен сүт өнімдеріне қажеттілігінің үштен бірі өтелмек. 

Айта кету керек, Катар құмды шөлден тұратындықтан бұл жерде ауыл шаруашылығы дамымаған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру