Көрнекі сурет интернеттен
Сауд Арабиясында «Барселона» футбол клубының жейдесін киген кез-келген адамға 135 мың доллар мөлшерінде айыппұл салынады немесе тіпті түрмеге қамалады.
Спутник порталының хабарлауынша, мәселенің бәрі футболшылардың киіміндегі Qatar Airways катар әуекомпаниясының логотипінде болып тұр. Qatar Airways соңғы төрт жылда аталмыш футбол командасының басты демеушісі болды.
Келесі маусымда киім үлгісі өзгеруі керек, бірақ кімде-кім ескі логотипі бар жейдені киер болса, ауыр келеңсіздіктерге тап болар қаупі бар.
5 маусым күні Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Мысыр Катарды лаңкестікке қолдау көрсетуде деп айыптап, өздерінің Катармен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзгендіктері жөнінде жариялаған болатын. Сондай-ақ, бұл елмен жер, әуе және су қатынастары тоқтатылған, сонымен қатар, транзиттік сапарлар да үзілген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
13.06.2017
4686
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру