Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өзбекстан Президенті Имам Бұхари атындағы мемориалдық комплексте болды

www.muftyat.kz 13.06.2017 4478 0 пікір
Өзбекстан Президенті Имам Бұхари атындағы мемориалдық комплексте болды

 Шавкат Мирзиёев Имам Бұхари атындағы мемориалдық комплексте болды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Самарқандатғы сапарында Имам Бұхари атындағы Халықаралық зерттеу орталығының құрылыс орнында болып қайтты.

Өзбекстан басшысы жаңа орталық ислам мәдениеті мен құндылықтарын насихаттайтын, өзбек жастарын әртүрлі бүлдіруші ағымдардан сақтайтын, заманауи білім алуға жағдай жасайтын, жас ұрпақты тәрбиелейтін және олардың санасына келесі ұрпақпен сабақтастыратын жоғары сезімді қалыптастыру орны болатындығын  баса айтты.  

«Мұндай игі істің қасиетті Рамазан айында басталуының өзінде терең мағына мен мақсат жатыр. Біздің таза ниетімізбен бастау алған бұл іс, өз жемісін берері сөзсіз. Тағы да бір аса көңіл қоятын маңызды көрініс бар. Имам Бұхари атындағы бұл комплекске келушілер орталықпен де танысады әрі исламның хақ ілімі туралы қажетті ақпаратты да алатын болады», — деді Мирзияев.

Жоба бойынша комплекс аумағын жолдар мен жаяужолдарды кеңейтіп, сауда орындарын ұйымдастыру арқылы көріктендіру қарастырылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру