2017 жылдың 6 маусымында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының (ҒЗТО) директоры А.Әбдірәсілқызы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Қазан ислам университетінде болды.
Қазан ислам университеті дін қызметкерлерін және исламдық пәндер бойынша мамандар дайындайтын жоғары кәсіби діни білім беретін мекеме болып табылады.
Іссапар барысында орталық директоры Қазан ислам университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, белгілі исламтанушы Мұхаметшин Рафик Мұхамедшеұлымен кездесті.
Кездесу барысында А.Әбдірәсілқызы Қазақстан Республикасындағы діни ахуал, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, заңнамалық нормалар жайында кеңінен түсінік беріп, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының қызметімен көрнекі түрде таныстырды.

Қызу пікір алысу жағдайында өткен кездесуде Р.Мұхаметшин Қазақстандағы діни оқу орындары қызметінің заңнамалық тұрғыдан толық реттелгеніне және дінтану сараптамасын жүргізу жүйесінің кәсіби тұрғыдан елеулі нәтижеге қол жеткізгеніне назар аударып, орталық тарапынан әзірленген әдістемелік құралдар мен ғылыми-талдамалық материалдарғаүлкен қызығушылық танытты.

А.Әбдірәсілқызы өз кезегінде Татарстанда құру көзделіп отырған Бұлғар ислам академиясының алдағы қызмет бағыттарына, ресейлік діни білім беру стандарттарының жүзеге асырылу барысына және татар дін ғалымдары еңбектерінің игерілу мәселелеріне қатысты сауалдар қойды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдегі дін саласындағы өзге де өзекті мәселелерге талдау жасалып, жан-жақты пікір алмасылды.
Кездесу соңында бірлескен іс-шаралар өткізу бағытында ынтымақтастықтыжалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізіліп, тараптар кітаптармен және естелік сыйлықтармен алмасты.

Іссапар барысында ҒЗТО директоры Қазан ислам университетінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесіп, олардың оқу барысы, игеріп жатқан мамандықтары, университеттегі білім деңгейіне көзқарасы жайында сұхбаттасты. Бітіруші студенттер Қазан ислам университетіне Қазақстан Республикасының ресми көзқарасы және университет тарапынан берілетін дипломды елімізде тану және нострификациялау мәселесі төңірегінде сауалдар қойды.

Сонымен қатар іссапар барысында ҒЗТО директоры А.Әбдірәсілқызы Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының құрамындағы Исламтану зерттеулері орталығының басшысы, саяси ғылымдар кандидаты Ринат Патеевпен және орталық ұжымымен кездесті. Екі орталық өкілдері қарсы тарапты жүргізген зерттеулерімен, дайындалған әдістемелік құралдарымен тереңдей таныстырып, өзара басылымдар алмасты. Мемлекеттік орган қызметіне қолдау көрсету мақсатында құрылған қос орталықтың қызмет бағыттары өзара үндесетіндіктен, бірлескен жобалар жүргізуге мүмкіндіктер мол екені айқындалды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.kazislam.kz
13.06.2017
3948
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру