Fox Carolina телеарнасының мәлімдеуінше, Портлендтегі (АҚШ) Диринг мектебі оқушыларға арнайы матадан тігілген, жеңіл әрі баста мығым тұратын спорттық хижаб ұсынған. Бұл қыздарды спортқа белсенді түрде ынталандыру үшін қолға алынып отыр.
«Енді спорт алаңында біз өзімізді сенімдірек сезінудеміз, — дейді лакросспен айналысатын Фадумо Адан есімді оқушы. – Мен қандай қимыл жасамасам да мына бас киім басымнан түсіп қалмайтын болады».
Жоғары сыныпта оқитын Исра Инанның айтуынша, ол төменгі сыныптарда оқып жүргенде тенниспен айналысқысы келген, бірақ лайықты спорт киімі болмағандықтан, оның бұл спорт түрімен айналысуға мүмкіндігі болмаған.
– «Енді тенниспен айналысуға мен кеш қалдым, бірақ басқа қыздарда мұндай мүмкіндіктің туғанына қуаныштымын» дейді ол.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
12.06.2017
5191
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру