Малазиялық ұшқыштар
Малайзиялық бюджетке қарайтын «AirAsia» әуе компаниясы әйел-ұшқыштарға арналған арнайы фирмалық хижабтар ұсынды.
AirAsia штатындағы нәзік жанды мұсылман-ұшқыштар енді әуе сапарларын жаңа үлгідегі формамен әрі бастарына тағатын ақ орамалмен атқаратын болады. Айта кету керек, AirAsia штатындағы 55 әйел-ұшқыштың 12-сі мұсылмандар әрі хижаб киетіндер.
Ұшқыштарға арналған хижабтарды Нилюфа есімді сәнгер дайындалған. Оның Naelofar Hijab деген өз бренді бар.
Бүгінде әлемде ұшқыш мамандығын игерген әйелдер саны көбеюде. Азия елдерінің әйелдері де бұл үрдістен қалыспауда. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Air India Халықаралық әйелдер күнін ерекше атап өткен болатын. Бұл күні олар Нью-Делиден Сан-Францискоға дейінгі ең ұзақ маршрутта толығымен әйелдер экипажын ұшырған еді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
12.06.2017
5198
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру