Алланың Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) ең алғаш түскен: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!», – деп басталатын «Алақ» сүресінің алғашқы аяттары еді. Яғни, Жаратқан Иенің атымен оқу, білім алу парасаттылыққа қол жеткізудің негізгі баспалдағы. Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.
Бүгін Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжін бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Шәкірттер алдын қазақстан тарихы пәнінен сынақтан өткен болса, бүгін Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен тапсырды.
Аталмыш емтиханды ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысхан, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Исенов Нариман, «Астана» медресесінің ұстаздары Бердібек Оянған мен Мүсайып Нұрғисалар қабылдады. Аталмыш медресені 2016-2017 оқу жылы табысты бітіріп, мемлекеттік емтихан тапсырған 8 түлектің үшеуі «Өте жақсы», 4-еуі «Жақсы», қалғаны қанағаттанарлық үлгерім көрсетті. Олар «Исламтану» мамандығы бойынша имам-хатиб біліктілігі дипломын алды.
Биылғы бітіруші шәкірттердің 5-і Павлодар облысынан, ШҚО-нан -1, ал қалған 2-і Қарағанды облысынан келіп білім алған шәкірттер.
«Бүгінде «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-коледжінде 30-дан астам шәкірт білім алуда, ал алдағы 2017-2018 оқу жылында облыстардан жаңадан 25 шәкірт қабылдауға жоспарлап отырмыз»,-дейді өкіл имам Нариман Ермекұлы.
Бірер күндерде ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Павлодар өкілдігі
www.muftyat.kz
09.06.2017
4637
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру