
Өткен жылы Өзбекстанда Рамазан айында қоғамдық орындарда топтасып ауызашар жасауға тыйым салынған болса, биыл сол тыйым өз күшін жойды.
Расын айту керек, бұл бірден бола қойған жоқ, оразаның бастапқы күндерінде тыйым әлі де болса өз күшінде болатын. Тек жақында ғана мейрамханалар мен кафелер ұжым болып ауызашар жасағыcы келетіндер үшін есіктерін айқара аша бастады.
Өзбек қалаларының көшелері бірден ұжымдық ауызашарлар өткіземіз деген ұсыныстар мен жарнамалармен көмкеріліп шыға келді. Сондай-ақ ауызашар жасағылары келетіндер ас мәзірі бойынша және өз қалауы мен мүмкіндігіне қарай тапсырыстар бере алады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
09.06.2017
4324
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру