Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Смартфондар БАӘ тұрғындарының төл-құжаттарын алмастырады

www.muftyat.kz 09.06.2017 4260 1 пікір

Құжаттардың орнына смартфондар 

Дубайдың халықаралық әуежайынан ұшып кеткелі тұрған БАӘ тұрғындары бақылаудан өтерінде төл-құжаттарының орнына смартфондарын көрсете алады.

Бұл Smart UAE Wallet мобильді қосымшаның арқасында мүмкін болған.  Жолаушыларға тек смартфондарын қосып, бақылаудан өтерде «ақылды кіре берісте» саусақтың ізін сканерлеу керек. 

Жасаушылардың айтуынша, жолаушыларды тексеру уақытын қысқартудан бөлек, бұл қызмет түрі төл-құжат және басқа да құжаттар деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

Телефонда аталмыш қосымшаның көмегімен әуежайда көрсетілуі тиіс төл-құжаттың немесе жеке куәліктің, сондай-ақ отырғызу билетінің деректері сақталмақ. 

Келешекте бұл қосымша БАӘ тұрғындарына кез-келген үкіметтік мекемелерде құжаттарын көрсетпеуге мүмкіндік береді – барлық ақпарат смартфондарда сақталатын болады.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Нурым | 09.06.2017 06:46

керемет! биздеги цон ойнамай калады ау шамасы