ТР мүфтиі ауызашарда
Кеше кешке федеральды және республикалық БАҚ өкілдері Қазан қаласында өткен ауызашарға жиналды. Оларды ауызашарға ТР мұсылмандары діни басқармасы шақырған.
Татарстанның мүфтиі Камил Самигуллин 50-ден астам ұлтаралық әрі дінаралық қатынастар тақырыптарын жариялап жүрген жетекші федеральды және республикалық баспалардың, ғаламтор-ресурстарының, телеарналар мен радиостанция журналистеріне және баспасөз қызметтері мен мекеме басшыларына сәлем берді.
ТР мүфтиінің өңірлермен жұмыс жасау жөніндегі орынбасары Мансур Джалялетдинов, Татарстан Президентінің баспасөз қызметі басшысының орынбасары Лаззат Хайдаров және «Эфир» ТА директорлар кеңесінің төраға орынбасары Самвел Оганисян – бұл басқосудың құрметті қонақтары болған. Дастархан басына жиналғандар ислам діні дамуының өзекті мәселелерін талқылап әрі ТР МДБ басшыларына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қою мүмкіндіктеріне ие болды.
Камил Самигуллин ауызашарға жиналғандарға Құран оқу мен Рамазан айында игі істер жасаудың маңыздылығы жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ, ол осы кештің қонақтарына ораза туралы түскен Қасиетті Құранның аяттары туралы да әңгімелеп берді. Өз уағызының соңында мүфти барлық БАҚ өкілдеріне ТР МДБ қызметі мен бастамаларына ақпараттық қолдау көрсеткендері үшін алғысын жеткізді.
Содан кейін сөз кезегін ТНВ арнасының журналисі әрі жүргізушісі Ильдар Киямов алды. Ол мүфтиге татар ұлтының ұлттық мәдениеті мен рухани мұрасын сақтауда әрі дамытуда қосқан баға жетпес үлесі үшін ризашылығын білдірді: «Камил хазіреттің белсенді еңбегінің арқасында біздің халқымыз көптеген ұлттық дін мамандарымыздың еңбектерімен танысуға мүмкіндік алды». Тележурналист мүфтиге "Кара Чишмә карьясе" деп аталатын өз кітабын тарту етті. Бұл кітап Черемшанск ауданына қарасты бір ауылдың тарихы туралы, онда татарлардың сана-сезімін тәрбиелеудегі имамдардың рөлі айтылған екен.
– Біздің дастарханымызды тек мұсылман бауырларымыз ғана емес, сондай-ақ православие дінін ұстанушы қонақтарымыздың да бөліскені қуантады, – деп атап өтті өз кезегінде сөз алған Татарстан Президенті баспасөз қызметі басшысының орынбасары Лаззат Хайдаров.
– Осындай шаралар ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
09.06.2017
3554
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру