
Амстердам мұсылмандары тамақ жарнамасын тек күн батқан соң ғана көретін болады.
Голландиялық жарнама компаниясы Etcetera қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жүрген мұсылмандардың жайлылығына қам жасаған.
Компания Halal Fried Chicken жылдам халал желілеріне арнап арнайы билборд дайындаған, оның ерекшелігі – ол тек күн ұясына бата «жұмыс жасай» бастайды.
Тәбетті ашатын халал тауық аяқтарының фотолары билбордқа кеш батқан соң ғана шыға бастайды. Рамазанға арналған жарнама билбордтары голландияның ірі қалалары Амстердам мен Роттердамдағы бірнеше автобус және трамвай аялдамаларында пайда болған.
Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың 27 мамырында басталған қасиетті Рамазан айында мұсылмандар – таң атқаннан күн ұясына батқанша ас пен судан тыйылып ораза ұстайды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
08.06.2017
3699
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру