
Тіпті аз мөлшердегі алкогольдің өзі денсаулыққа зиян
Ғылым кезекті рет исламдағы тыйымдардың дұрыстығы мен негізділігін дәлелдеп берді. BMJ журналында жарық көрген мақалада британ ғалымдары тиісті зерттеулердің нәтижелері бойынша өз тұжырымдамаларын келтірген, онда былай делінген:
Тіпті аз мөлшердегі алкогольдің өзі мидың солуына әкеп соғады.
Бір топ ғалымдар соңғы 30 жылдағы медициналық статистиканы жинап, талдау жасаған, олар 40 жастан жоғары жас шамасында британ әйелдері мен еркектерінің қаншалықты алкоголь ішкен деректерімен қоса олардың ми кескін-суреттерін де жинаған екен.
Ғалымдар кездейсоқ түрде деректері статистикада бар 550 адамды таңдап алып, олармен әңгіме жүргізген.
Нәтижеде, бұл адамдардың есте сақтауы мен ұғымпаздығы соңғы бес жылда айтарлықтай нашарлаған.
Бір таңғаларлығы, ғалымдардың айтуы бойынша, айтылған әсерлердің күші – ішілген спиртті ішімдіктердің мөлшерімен бірге өсіп отырған, бұл алкоголь мен ми солуының тікелей байланысын көрсетеді.
«Бірқатар ғалымдар азғана мөлшердегі спирттік ішімдік ми жұмысын жақсартады деп сендірген тұжырымдаманы, біздің зерттеулеріміздің нәтижесі оның бір де бір белгісін көрсетпеді. Керісінше, тіпті болмашы мөлшердегі алкогольді ішудің өзі ми мен нерв жүйесінің жұмысын едәуір нашарлатады», – дейді Оксфорд университетінің зерттеу жүргізуші ғалымдардың бірі Ания Топилова.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
08.06.2017
4189
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру