30-дан астам бейбіт азамат Маравидегі оқиғаның құрбаны болды.
Филиппин тұрғыны, Нұр Люкман есімді мұсылман өз үйіне жасырып, 64 христианды өлім аузынан құтқарып қалды. Бұл оқиға жақында ДАИШ (ҚР тыйым салынған) жауынгерлерінің Минданао филиппин аралында орналасқан Марави қаласына жасаған шабуылы кезінде орын алған болатын. Кенеттен болған оқиға кезінде бірнеше жұмысшылар оның үйінде жөндеу жұмыстарын жасап жатқан.
Life журналы мұсылманның дәйексөзін келтірген: «Басып алу басталғанда, қалған христиандар қаладан шығып кете алмады, сондықтан оларды қорғап қалуды мен өз жауапкершілігіме алдым».
Лаңкестер келіп оның үйінің есігін қаққанда, ол үйде ешкімнің жоқтығына оларды сендіріп қоя берген.
«Егер лаңкестер менің үйімдегі христиандарды байқап қалса, онда бәрінің де басын шауып тастаушы еді», - дейді Нұр Люкман.
Еске сала кетсек, филиппин өкіметінің мәліметі бойынша, қаланы лаңкестерден босату әрекеті кезінде 30 бейбіт тұрғын мен 38 әскери адамдар қаза болған. 120 лаңкестің көзі жойылған. Әскерилер 1200-ден астам бейбіт тұрғындарды құтқарып қалған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
08.06.2017
3789
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру