Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ресей мұсылмандарының 30%-ы ораза ұстауда

www.muftyat.kz 08.06.2017 3798 0 пікір
Ресей мұсылмандарының 30%-ы ораза ұстауда

Қасиетті Рамазан айының оразасын Ресейде тұратын мұсылмандардың шамамен 30%-ы ұстауда, яғни бұл 6 миллионға жуық адам деген сөз.

Бұл жөнінде Ресей мұсылмандарының орталық рухани басшылығы әкімшілігінің басшысы, мүфти Мұхаммад Таджуддинов РАА Жаңалықтарға берген сұхбатында:

– «Біздің деректер бойынша, Ресейде 30%-дан астам мұсылмандар ораза ұстауда, бұл көрсеткіш Ресейдегі 20 миллион мұсылмандарының 6 миллионға жуығы деген сөз, дегенмен, нақты статистиканы ешкім жүргізіп отырған жоқ», – деп атап өтті.

Сондай-ақ ол құлшылық етушілер мен ораза ұстаушылардың бәрі Рамазан айы кезінде мешітке келе бермейтінін де айтты. Мешітке келу міндетті деп саналмайтын категорияның да бар екенін тілге тиек етті. Мысалы, әйелдер, балалар, науқас және жүріп-тұруға қауқары жоқ адамдар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру