Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дүниежүзілік Халал күні

www.muftyat.kz 08.06.2017 3959 0 пікір
Дүниежүзілік Халал күні

Берекелі Рамазан айы өзінің екінші он күндігіне аяқ басты. Бұл он күндіктің айырықша мәні бар. Яғни 2013 жылдан бастап, мұсылман елдерінде жыл сайын қасиетті Рамазан айының 17-жұлдызында Дүниежүзілік Халал күні аталып өтілуде.  

Бұл игі дәстүрдің бастамашысы Дүниежүзілік Халал Кеңесі (WHC) болып табылады, аталмыш Кеңес атап өту үшін осы датаны ұсынған болатын. Дәл осы күні 624 жылы Алла Тағала Өзінің Елшісі, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, арқылы бірінші халал туралы уахиын «Әнфал» сүресінің 69-аятында түсірген болатын. Сондықтан да бұл күн адамдардың есіне халалдың маңыздылығын салатын жақсы бір мүмкіндік болып табылады. Бұл дата үстіміздегі жылдың 12 маусымына тура келеді.  

Дүниежүзілік Халал күнінің жаңа мереке болғанына қарамастан, халал дәстүріне 1400 жылдан астам уақыт болған. Бүгінгі күні «Халал» өнімі тек қана мұсылмандар арасында емес, сонымен қатар, өзге де дін өкілдерінің арасында да аса танымалдыққа ие болып келеді. Тұтынушылар өнімнің сапасына сенімді болғандықтан халал өнімдерін таңдайды.

Басым көпшілік бұл халал өнімнің тек тәнге емес, сондай-ақ рухқа да көп пайда тигізетінін біледі. Ал мұсылмандар үшін өнімді таңдаудағы маңызды белгі – оның Алла Тағаламен рұқсат етілуінде.

Халал-индустрия барлық жаңа салаларды қамти отыра даму үстінде.  Халал қызмет көрсететін кафе, мейрамханалар, мейманханалар, клиникалар, туризм және ислам бойынша қаржыландыру мен сақтандыру пайда болуда.

Қазіргі таңда бүкіл әлемде халал өнімдерін шығаруға ерекше көңіл бөлінуде, өйткені бұл тұтынушы нарықтағы мұсылман халқының саны – 1,8 млрд адамды құрайды. Әлемдік халал нарығының жылдық айналымы  –  2,0 трлн АҚШ долларынан астам.  

Соңғы он жылда Ресейде «Халал» өніміне деген сұраныстың тұрақты өсуі байқалуда. 2016 жылы Ресейдегі «Халал» өнімнің көлемі 100 млрд рубльмен бағалануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру