Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҰҰ палестиналықтарға ауызашар ұйымдастыруда

www.kazislam.kz 08.06.2017 3639 0 пікір
БҰҰ палестиналықтарға ауызашар ұйымдастыруда

БҰҰ-на қарасты Көмек көрсету және ұйымдастыру агенттігі осымен екінші апта қатарынан палестиналықтарға ауызашар азықтарын тарату шарасын жүргізуде.

Игі шара аясында Газа аймағында орналасқан 12 шағын аудан тұрғындарына қасиетті Рамазанда күнделікті азық-түлік жеткізіліп отыр. Бүгінге дейін аталмыш мөлтек аудандарда 6186 босқын және 46 385 мұқтаж адамдарға азық таратылған. Бұған кеткен қаражат көлемі 200 мың доллар шамасын құрап отыр.

«Бүгінде Палестина елінің жағдайы мәз емес. Осыған қарамастан жергілікті халық ораза ұстап өз күндерін көріп жатыр. Елдегі дағдарыстан сәл де болса халыққа демеу болу үшін палестиналықтарды азықпен қамтамасыз ету біздің міндетіміз болып отыр» деді аталмыш Көмек көрсету және ұйымдастыру агенттіктің жетекшісі Асим Әбу Шафиф.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру