Гарри ханзада ауызашарда
Бес күндік халықаралық қайырымдылық кампаниясы Heads Together аясында Гарри ханзада Сингапурге келіп, ауызашар қонағы болды.
Ауызашарға дейін корольдік әулеттің өкілі Лондон орталығында орын алған лаңкестік әрекет салдарынан қаза болған 7 адам үшін көңіл айтып, содан кейін ауызашар рәсімінің алдындағы мұсылман құлшылығының куәгері болды.
ИноБАҚ жазғандай, Гарри тамақты құрма жеуден бастап, оған Рамазан туралы әңгімелеп берген гидті мұқият тыңдап отырған.
Осы арада айта кету керек, Гарри ханзада мен оның ағасы Уильям және оның жұбайы Кембридж герцогинясы Кейт Мидлтон да Heads Together қайырымдылық қорының қамқоршылары болып табылады.
Сингапурде болған сапарында Гарри қайырымдылық ұйымының өкілі ретінде балалар баспанасында болып әрі ЖИТС және психикалық денсаулық мәселелері жөніндегі қайырымдылық қызметкерлерімен кездесті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
08.06.2017
3806
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру