Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Британ мешіті мұқтаждарды ауызашарға шақыруда

www.muftyat.kz 02.06.2017 3863 0 пікір
Британ мешіті  мұқтаждарды ауызашарға  шақыруда

Қайырымдылық акциясын жариялаған мешіт.

Қасиетті Рамазан айында Уэльстің Кардифф қаласында орналасқан мешіт діни наным айырмашылықтарына қарамастан барлық мұқтаж жандарды күнделікті ауызашар дастарханына шақыруда. 

«Рамазанда асыңмен бөліс» атты бұл акция аталмыш мешітте осымен алтыншы жыл қатарынан өтіп отыр. Бұл акция аясында, тегін тамақ ішкісі келетін кезкелген адам ауызашар дастарханынан дәм тата алады. 

«Қасиетті Құранның бір аятында: «Бір адамды құтқарған, күллі адамзатты құтқарғанмен тең, ал бір адамды өлтірген күллі адамзатты өлтіргенмен тең», дейді. Сондықтан да, осы Рамазанда, бізден санаулы сағат жерде ғана орналасқан Манчестерде орын алған жан түршігерлік оқиғадан соң, еліміздегі халықтың басын қосуға арналған әрбір мүмкіндік маңызды» дейді мешітінің басшысы Мұхаммед Алямгир.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру