Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Канада премьер-министрінің мұсылмандарды Рамазанмен құттықтауы (ВИДЕО)

www.muftyat.kz 31.05.2017 3969 0 пікір
Канада премьер-министрінің мұсылмандарды Рамазанмен құттықтауы (ВИДЕО)

 

Oттава, Онтарио, 26 мамыр 2017 ж.

Премьер-министр, Джастин Трюдо, 26 мамыр күні мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады. Ол өзінің facebook парақшасында былай деп бейне құттықтау жолдады:

“Бүгін күн батқанда Канаданың және дүниежүзінің мұсылмандары Рамазанның басталуын атап өтеді.

Рамазан мұсылман қауымы үшін берекелі ай, өйткені дәл осы айда Алла Тағала Мұхаммед Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Қасиетті Құранды түсірген. Бір ай бойы мұсылмандар күндізгі уақытта рухани баю үшін, сондай-ақ, Жаратушыға бір қадам болсын жақындау үшін, сабырлы және тағдырлары ауыр адамдарға қайырымды болуды ұғыну үшін ораза ұстайды.  

Рамазан айында мұсылмандар құлшылық жасау үшін әрі кешкі ас — ауызашарды достарымен бөлісу үшін жанұяларымен жиналатын болады. Біздің бәріміз үшін Рамазан өзімізге  берілген нығметтерді бағалай алатынымызды және қолымызда барымызбен қауымдағылармен әрі дүниежүзіндегілермен жомарт түрде бөлісіп тұруды есімізге салады. 

Үстіміздегі жылы біз Конфедерацияның 150 жылдығын атап өтеміз,    осы мүмкіндікті пайдаланып Канаданы өмір сүруге сондай қолайлы жер  еткен көптеген мәдениеттер, дәстүрлер мен сенімдерге ізет білдірейік.  Бүгінгі күні Канада мұсылмандары елімізді мықты, сан алуан әрі бәрін қамти алатын ел етіп жасауға көмектесуде.

Өзімнің отбасымның атынан, Софи және өзімнің атынан Канада әрі дүниежүзі мұсылмандарына ең ізгі тілектерімізді білдіреміз. Рамазан Мүбәрак!».

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру