Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына орай мешіттерде мұқтаж жандарға арналып тамақ толы тоңазытқыштар қойылды

www.muftyat.kz 31.05.2017 3527 0 пікір
Рамазан айына орай мешіттерде мұқтаж жандарға арналып тамақ толы тоңазытқыштар қойылды

БАӘ мешіттеріне қойылған тоңазытқыштар.

БАӘ өкіметі Рамазан бойына  мұқтаж жандарға барынша қолдау көрсетуге ниеттеніп отыр. Осы негізде, елдің азық-түлік банкі 80 мешітке мұқтаж жандарға арнап тамақ толы тоңазытқыштар орнатуға ұйғарған.   

Азық-түлік компаниялар мен жеке қайырымдылық жасаушылардың есебінен сатып алынады, ал тағамдардың балаусалығын арнайы бақылаушылар тексеретін болады.  

Азық-түлік банкінің мәлімдеуінше, жеміс-жидектер мен көкөністерден басқа шикі тағамдар қабылданбайды, ал дайын тағамдарға қойылатын талаптар өте қатаң.  

Айта кету керек, Рамазан кезінде күндіз  мұсылмандар тамақ ішпейді, алайда БАӘ  кешкі ауыз ашар кезі нағыз тойға айналады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру