Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қырғыз мүфтиі АҚШ-та католик шіркеуінде азан шақырды (ВИДЕО)

www.islam.kz 31.05.2017 4211 0 пікір
Қырғыз мүфтиі АҚШ-та католик шіркеуінде азан шақырды (ВИДЕО)

Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Мақсат қажы Тоқтамысов АҚШ-қа сапары кезінде католиктер шіркеуінде азан шақырды.

Айыр қалпақты ағайындардың бас мүфтиі сәуір айының бас кезінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің шақыртуымен діни тәжірибе алмасу және диалог орнату жөніндегі шара аясында болып қайтқан екен. Алайда, оның Атлант мұхитының ар жағындағы алып елдің католиктер шіркеуінде азан шақырып қайтқаны енді белгілі болып отыр.

Оның шіркеу қызметкерлерімен келісіп барып қана азан шақырғанын айта кету керек. "Ол іс-шара бағдарламасында қарастырылғандықтан азан шақырды. Яғни, діни ұйымдардың өкілдері өз діндерінен бір нәрсе көрсетуі тиіс болатын. Азан намазға шақыру болғандықтан таңдадық",- деп айтылған мүфтият түсініктемесінде. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру