
Қысқа уақыт ішінде Индонезияның шағын ауылы адам танымастай болып қатты өзгеріп кетті: қарапайым, ешкім көзге ілмейтін қарабайыр ауыл сипатынан - саяхатшылардың сүйіп қарайтын көркем де көрікті жеріне айналған.
Кампунг Пеланги ауылын сондықтан да "құбылмалы реңдегі ауыл" деп атап кеткен. Ендігі ауыл кемпірқосақтың барлық түсіне боялған, үйлердің қабырғалары мен төбелері көздің жауын алар түстермен безендірілген. Осылайша, шағын ғана ауыл Инстаграм қолданушыларының жүректерін өзінің ерекше көркем түрімен жаулап алған.
Ауылдағы барлық үйлерді әртүрлі түске бояп шығулары үшін жергілікті суретшілерге 29 мың доллар бөлінген екен.
Қазіргі таңда аталмыш бірегей ауылдың тұрғындары өздерінің көз қызықтырар әдемі ауыл көрінісіне шетелдік саяхатшылардың қатты қызығатындығын атап көрсеткен.
Muftyat.kz






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.05.2017
3972
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру