Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Токио вокзалында намазхана ашылады

12.05.2017 4074 0 пікір

Бір ай ішінде Токионың астаналық вокзалында намазхана ашылады. 

Бұл туралы шешімді JR Хигаси Нихон теміржол компаниясы қабылдаған. Намазхананың ашылу салтанаты  5 маусымда болады.  

Мәлімдеме бойынша, мұсылмандардың құлшылық етуіне мүмкіндік беретін мұндай арнайы бөлменің ашылуына себеп болған жайт — 2016 жылы Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген саяхатшылар санының шамамен 30% өсуінде, ал бұл елдерден келетіндердің басым көпшілігі Ислам дінін ұстанатындар болып келеді.  

Сарапшылардың пайымдауынша, келешекте мұсылман-саяхатшылардың саны тұрақты түрде өсе бермек. 

Айта кету керек, Токионың Ханэда мен Нарита әуежайларында намазханалар іске қосылып, мұсылмандарға қызмет көрсетуде. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру