Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мысыр Қазақстандағы діни білім беру жүйесіне қолдау көрсетеді

06.05.2017 4008 0 пікір

Египет Қазақстандағы діни білім беру жүйесі мен дінді насихаттауға және экстремизм мен терроризмге қарсы тұру үшін мамандар әзірлеуге қолдау көрсетеді.

Мысырдың Пәтуа шығару басқармасы бас мүфтиі Ибрахим Шауқи Қазақстанның Египеттегі елшісі Арман Исағалиевпен ресми кездесуінде дін саласындағы қарым-қатынасты арттыруға қатысты ой-пікірлерін жеткізді.

«Мысыр мен Қазақстан арасындағы әсіресе дін саласы бойынша қарым-қатынас өте жоғарғы деңгейде деп айуға негіз бар. Өйткені, біз әр жылда қазақстандық студенттерді әл-Азһар университетіне қабылдап отырмыз. Бұған қоса біздің тарап осы уақытқа дейін көптеген пәтуа шығарушы қазақстандық мамандарды даярлады» деді И.Шауқи.

Қазақстандық елші А.Исағалиев өз кезегінде экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағытында Қазақстанның Мысырдан алар тәжірибесі көп екенін атап кетті.

kazislam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру