Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мысырлық суретші әлемдегі ең үлкен Құран қолжазбасын әзірледі (ФОТО)

05.05.2017 3879 0 пікір

Белгілі мысырлық суретші Саад Мохаммед Құран кітабының ерекше нұсқасын жасап шығарды.

Қылқалам шеберінің бұл туындысы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Ол осы жұмысына үш жыл уақытын сарп еткен. Ал ұзындығының 700 метр болуы кітаптың басты ерекшелігі саналады.

Айта кету керек, бұл жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражатты суретші өз қалтасынан шығарған. Осыған байланысты жұмысқа бірнеше жыл уақыт кеткен. Аталмыш кітап Гиннес кітабына енген жағдайда туынды қасиетті Құран Кәрімнің ең үлкен қолжазбасы ретінде әлемдік рекорд жаңартады.

Kazislam.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру