Леон Эль-Алямин алғаш рет Ислам діні туралы түрмеде естіген. 2003 жылдан 2010 жылға дейін ол «наша және заңсыз түрде қарау-жарақ сақтау» қылмыстық баптары бойынша қамауда болған.
«Түрмеде отырғанда мен бір мұсылманмен таныстым, - деп есіне алды Леон. – Ол Детройттың арабы еді. Кейде ол бір жаққа кетіп, құлшылық ететін. Ол сондай көркем мінезді болатын».
Леонды әлгі адамның құлшылығы қызықтыратын болды, ол ақырындап сұрақтар қоя бастайды. Кейін оны жұмадағы құлшылық – жұма намазына шақырады. Көп кешікпей ол Бір Аллаға иман келтіріп, шәһәда айтады әрі өмірін ислам діні аясында сүре бастайды.
Өз жолында ол өзі сияқты қамауда жүріп Ислам дінін қабылдаған Тимоти-Абдул-Матинді кездестіреді.

«Сол кезден бастап осы көрініс пен міндет бізді тек рухани түрде ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік жағынан да тірбиелеп, адамгершілікке баулуда», - дейді Эль-Алямин.
«Біз өмірдің ыстық-суығын көрдік, көше өмірін көрдік, темір тордың ар жағында да болдық, ал Исламды қабылдаған соң өмірімізді өзгерттік. Бұл бір сиқыр емес. Негізінде, бұл ғаламат бір күшке сену, бізге өте жақын дүние».
«Олар маған сондай ықпал етті», - деп түрмеден шыққан соң Ислам дінін қабылдаған Илайджа Томас өзінің достары-мұсылмандар туралы ойын білдірді.
Қазіргі таңда Абдул-Матин, Эль-Алямин және Томас – өз қаласы Флинттің әлеуметтік белсенділері. Флинт қаласында (Мичиган штатында) тұрғылықты халықтың ауыз суға зәру екені белгілі – 2014 жылы тұрғындар су ішіп отырған сумен жабдықтау жүйесі қорғасынмен уланғаннан бастап халық тек қана бөтелкедегі суды ғана пайдалануға мәжбүр, бірақ соның өзі тапшы.
Абдул-Матин, Эль-Алямин және Томас әлеуметтік орталықта қызмет істейді, қорғасынмен улану салдарынан пайда болған тері ауруларын емдеуде ақыл-кеңес беру, анализ жасау мен бөтелкедегі ауыз суды таратуды ұйымдастырады.
«Бізге барлық Құрама Штаттардан мұсылмандар келіп, жәрдемдескен, - деп Абдул-Матин мұсылмандар миллиондаған бөтелкедегі суларды жанашырлықпен жәрдем етіп, оны Флиинт тұрғындарына таратқандығын есіне алды. – Түрмеде отырғанда, менен бір пайда келтіретін адам шықса ғой деп ойлайтынмын».
Илайджа Томас ұлдарының шаштары түсіп, ал денелеріне уланған судың әсерінен жаралар шыққанын байқағанда, одан артық жұмыс істеуге әрі сабырлы болуға үйренеді. – «Қаншама суды сіздер зая кетіресіздер? Қазір мен бір де бөтелкені босқа кетірмеймін».
Абдул-Матин, Эль-Алямин және Томас өте жақын уақытта Америка су дағдарысын ғана жеңіп қоймай, сондай-ақ, институционалдық нәсілшілдікті және басқа да тосқауылдарды жеңіп шығады деп сенеді әрі өз қалаларына қызмет етуге дайын екендіктерін білдірді.
«Мен әлемді және өзім өмір сүретін қоғамды бұдан да әрі дамытып, жақсартқым келеді әрі мұны Флинттан бастаймын», - деді Эль-Алямин.
Фотода: Леон Эль-Алямин
Muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.05.2017
4648
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру