Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абу-Даби әлемдегі ең қауіпсіз қала болып танылды

26.04.2017 3681 0 пікір

БАӘ астанасы әлемдегі ең қауіпсіз қала деп танылған. Numbeo.com порталы жасаған 378 қаладан тұратын рейтингтің басында Абу-Даби тұр. 

Әмірліктің астанасынан бөлек  германияның Мюнхені, тайваньның Тайбэйі, швейцарияның Базельі әрі Цюрих, катардың Дохасы және Сингапур қауіпсіз болып танылған.

Егер қылмыс көрсеткіші 20 баллдан төмен болса, қала барынша қауіпсіз болып саналады деп хабарланған рейтинг мәлімдемесінде. Абу-Дабидің қылмыстық көрсеткіші 14,4 баллды құраған.

БАӘ вице-премьері мен ішкі істер министрі Шейх Саиф бин Зайедтің айтуынша,  2015 жылы 100 мың халқы бар елде 83 қылмыс орын алған екен. Бұл — әлемдегі күштеп қылмыс көрсетудің ең төмен деңгейі болып табылады. 

БАӘ күш көрсетпейтін қылмыстардың ең кең тараған түрлері ЖҚЕ бұзу, ұсақ ұрлық, алаяқтық және киберқылмыстар болып табылады. 

Айта кету керек, осы рейтинг бойынша Мәскеу 208 орынды иеленген. Қауіпсіздік деңгейі бойынша, Ресей астанасынан кейін Стокгольм, Афина, София, Окленд, Рим, Брюссель, Манчестер және Дублин қалалары тұр.

Бұл көрсеткіште Алматы қаласы 247 орында тұр.

Жер бетіндегі ең қауіпті қала Венесуэланың астанасы Каракас болып танылған.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру