
Ғалымдар велосипедпен жүру рак пен жүрек аурулары қаупін екі есе азайтатынын анықтады. Зерттеу нәтижелері Британ медицина журналында жарияланды, - деп жазады ВВС.
Бес жылға созылған зерттеуге 250 мың британдық, олардың ішінде рак диагнозы қойылған 3748, жүрегі ауыратын 1110 адам қатысқан. 5 жыл ішінде олардың 2430-ы қайтыс болған. Зерттеу нәтижесінде велосипедпен жүру өлім қаупін ракпен ауыратындарда 45%-ға, жүрегі ауыратындарда 46%-ға азайтқан. Басқа жағдайда бұл көрсеткіш 41%-ды құрайды.
Зерттеуге қатысушылар велосипедпен аптасына орташа есеппен 48 км жүрген. Бірақ көп жүрген сайын, денсаулық та жақсара берген.
«Бұл зерттеу велосипедтің адам денсаулығына пайдасын көрсетті. Сондықтан веложолдарды көбейту керек», - дейді зерттеуші докторлардың бірі Джейсон Гилл.
Ғалымдардың айтуынша, аптасына орташа есеппен 9-10 км жаяу жүру жүрек аурулары қаупін азайтады. Бірақ мамандар жаяу жүргеннен гөрі велосипедтің тиімді екенін айтады.
Cancer Research UK өкілінің айтуынша, велосипедпен жүру арқылы спорт залға бармай-ақ денсаулықты нығайтуға болады. Тек оны күнделікті тұрмыстың бір бөлігіне айналдыру керек. Мысалы, жұмысқа велосипедпен барып келуге болады.
"Егемен Қазақстан"
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.04.2017
3963
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру