
Дубайдағы такси
Дубайдың таксистері өздерінің ұмытшақ клиенттеріне 44 келі алтындарын қайтарып берген. Бұл жөнінде Әмірліктің транспорт және жол басқармасының баяндамасында хабарланған.
Таксистердің тапқан ең қымбат олжалары - 20 және 24 келілік алтындары бар екі сөмке болған. Алтындар иелеріне бәз қалпында қайтарылған екен.
Бұдан бөлек, таксиде ұмытылып қалатын дүниелердің ішінде – кілттер, әмияндар, төлқұжаттар, күн көзіне киетін көзілдіріктер, киім-кешектер және электронды қондырғылар.
Ұмыт қалдырылған дүниелердің бірі қалмай заңды иелеріне қайтарылғандығы хабарланған. Соңғы жылы таксиде жолаушылар өз балаларын ұмыт қалдырғандығы жөнінде Дубайда есте қаларлық екі оқиға орын алған. Бұл балалар да аман-есен ата-аналарына қосылған болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.04.2017
4407
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру