
Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің рейтингінде 58-ші орынға ие болды. Бұл тізім дүниежүзілік экономикалық форум сарапшылары жағынан қойылған.
Көшбасшы болып тағы да Финляндия елі қалған болса. Одан кейін Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) және Исландия. Сондай-ақ, бірінші ондыққа Оман, Гонконг, Сингапур, Норвегия, Швейцария, Руанда және Катар кірген.
Қазақстанға жақын көрші елдерінен Тәжікстан 49-шы орын алса, Қырғызстан (98), Ресей (109) және Украина (127) орындарда қалған.
Бір қызығы, Қазақстан бірқатар дамыған елдерден қауіпсіздеу болған, мысалға Франция (67), Ұлыбритания (78) және АҚШ (84).
Рейтинг құрастыруда сарапшылар елдегі қылмыскерлік жағдайға, соның ішінде, лаңкестік, халықтың құқық қорғау жүйесіндегі қызметкерлерге деген сенім деңгейіне және тәртіп сақшыларының тұрғындарды қорғау қабілеттілігіне қарай бағалаған.
Muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.04.2017
3568
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру