
Pew Research Centre компаниясының бір топ зерттеушілерінің хабарлауынша, мұсылмандар арасындағы туу көрсеткіші өсуде екен. Талдаушылардың айтуынша, туу көрсеткіші осындай қарқынмен өсе берсе, 2035 жылға таман жаңа туған мұсылмандар саны христиан сәбилеріне қарағанда 1 миллионға артық болады екен, ал осы ғасыр соңына таман ислам әлемдегі ең көп тараған дін болады.
Сараптама мәліметінше, 2035 жылға жуық 225 миллион мұсылман қыз-келіншектері балалы болып, ана атанады екен, ал христиан дініндегі әйелдер 224 миллион нәрестені дүниеге әкеледі. 20 жылдан соң екі дін өкілдері арасындағы бала туу алшақтығы бес миллионға жетуі мүмкін.
2010-2015 жылдар арасында бүкіл әлемде дүниеге келген 31% сәби мұсылман отбасында дүниеге келген.
Талдаушылардың айтуынша, соңғы жылдары христиандар арасындағы туу көрсеткіші азайған жоқ, бірақ ислам дінін ұстанушылардың көрсеткішіндей жылдам өспеген де.
Pew Research Centre болжауынша, 2050 жылға дейін Үндістан мұсылмандардың ең көп жиналған жеріне айналады. Бұл елде бірнеше жылдан кейін 300 миллион мұсылман өмір сүретін болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.04.2017
4344
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру