Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Лондон мұсылман қыз-келіншектері: «Бізді бөлу мүмкін емес!»

06.04.2017 3706 0 пікір

Бір топ мұсылман қыз-келіншектері Лондондағы Вестминстер көпірінің үстіне жиналып, осы көпір үстінде болған шабуылдан құрбан болғандарға аяушылық танытандықтарын білдірді. 

Өткен аптада орын алған қайғылы оқиға ешкімді де бей-жай қалдырмаған. Британ мұсылмандары лаңкестік кесірінен зардап тартқандарға бір-екі күн ішінде  50 000 $ аса қаржы жинаған.

Бұл ізгі шарадан лондондық мұсылман қыз-келіншектер де қалыс қалмаған. Көптеген мұсылман әйелдері лаңкестік әрекет болған жерге жиналды. Бастарына орамал таққан қыз-келіншектер, бастарын төмен түсіріп, бес минуттай үнсіздікте тұрып, жантүршігерлік лаңкестік әрекет кесірінен құрбан болғандарды еске алды.

Бұл акцияны көпірдің қасында жүрген қарапайым адамдар да қолдады. Бір топ жүргіншілер мұсылман қыз-келіншектердің қатарына қол ұстасып, бастарын төмен түсіріп тізіліп тұрып жатты.

«Сол адам бізді араздастырғысы келді. Бірақ біз қанша жыл тату-тәтті өмір сүріп келеміз әрі бір-бірімізге тек жақсылық қана тілейміз. Бізді араздастыру мүмкін емес!» – деді шеруді ұйымдастырушылардың бірі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру