Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бұл мешітке жету үшін адамдар өмірін тәрк етуге бар

15.03.2017 5168 0 пікір

Мумбай жағалауынан жарты шақырым жерде Уорли сарқырамасында шағын арал бар. Жердің осы бір кішкене бөлігінде керемет ғибадатхана - Қажы Әли Даргах мешіті соғылған.

Ол қажылық жасау үшін өзінің бар дүние мүлкін таратып жіберген бай саудагер Сайеде Пир Қажы Әли Шах Букхаридің естелігіне салынған.

Меккеде жасаған қажылығынан соң Али Шах алға жылжуын жалғастырады және бірнеше ғажайыптар жасайды. Оның құрметіне 1431 жылы мешіт соғылады. 

5 ғасыр бойы бұл жерге тек қайықтармен ғана жетуге болатын. Тек 1944 жылы мұнда мұсылмандар өте алатындай жол салу мәселесі шешіледі. Жолды үнемі толқындар шайып кететіндіктен қазірдің өзінде үнемі қайта-қайта жол жөндеу жұмыстары жасалады.

 Кейде толқынның ұзындығы бірнеше метрге дейін көтеріліп, адамды жолдан шайып кету қаупі арта түседі. Соған қарамастан бейсенбі мен жұма күндері шамамен 40 мың адам мешітке келеді.

Ал жаңбыр маусымы басталғанда (шілде-тамыз айлары) адамдар мұнда кіруді доғарады. Мешіт қақпалары жабылады.

 

hibatulla.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру