Каир қаласында Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы өзге дін өкілдері зиялыларының пікірлері жинақталған ерекше кітап жарық көрді.
Almesryoon.com порталының хабарлауынша, жаңа кітап ақпан айының басында шыққан. 300 беттік кітапта әлемге белгілі тұлғалардың, оның ішінде еуропалық шіркеу қызметкерлері мен монахтардың 4000-нан аса пікірі жинақталған. Жинақ Хумайсара институты зерттеу орталығының тың ғылыми кітабы саналады.
Аталмыш кітаптағы мұсылман емес қайраткер тұлғалардың Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы туралы тамаша ой-пікірлері оқырмандарды қайран қалдырады.
Сонымен қатар, кітапта жаңа Пайғамбар келетіні туралы Інжілде келтірілген мәтіндер де берілген. Терең мағыналы пікірлер қатарында Эдвард Рэмси, Вольтер, Альфонс де Ламартин, Бернард Шоу, Наполеон, Гёте және Аннемари Шиммель сынды әлем таныған тұлғалар қамтылған.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.02.2017
3849
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру