Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Араб әмірлігінде ұшатын автокөлік жұртшылықтың назарына ұсынылды (ВИДЕО)

15.02.2017 3698 0 пікір

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі өзі мұрындық болған, осы күндері Дубай қаласында өтіп жатқан World Government Summit жиынында аталған елдің жолдар және көліктер басқармасы тарихта тұңғыш рет ұшатын автокөлікті жұртшылықтың назарына ұсынды. Бұл жайында Khaleej Times ақпарат көзі хабар таратты. Өзгеше автокөлікті қытайдың Ehang компаниясы жасап шығарған. "AAV" деп аталатын бұл көлік несімен ерекше немесе артық? Көліктің бұл түрі инновациялық технология негізінде жасалған және экологиялық тұрғыдан тиімді. Бүгінгідей автокөлік кептелісі кезінде жолаушыларды діттеген жеріне тез жеткізуге мүмкіндік береді. Оны басқару да оңай: ұшу және қону тетіктерін басса, жетіп жатыр. Алайда, оны қашан қолданысқа енгізілетіні айтылмаған. 

islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру