
Австралия имамдарының ұлттық кеңесі балалардың болашағын ойлап, дәлірегі, олардың санасын түрлі жиіркенішті әдеттерден қорғау мақсатында шариғат талаптарына сай келетін бағдарламаларды ұсынатын арнайы теле-бағдарламаны эфирге шығаруда жоспарлап отыр. Біз сөз етіп отырған бағдарлама "Barakah Hills" деп аталады. Аталмыш бағдарламаны жасағандар оны халал мульттоптамасы екенін айтып отыр. Оны жасау үшін алдын-ала жүргізілген есеп бойынша 20 млн доллар қажет етеді. Аталған қаражатты демеушілер мен садақадан жинайтындарын да жеткізді. Аталмыш кеңес жетекшісі Сүбһи әл-Шайктың айтуынша, теледидарға телміретін балаларға осындай балама бағдарлама ұсыну арқылы олардың әлі жетілмеген санасын зиянды ақпараттар мен жат әдеттерден қорғауға болады.
islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.02.2017
6746
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру