Кеше қасиетті Мекке шаһарында төрткүл дүниені дүрліктірген оқиға орын алды. Қолына жанармай құйылған құты ұстаған белгісіз біреу қасиетті Қағбаны өртеуге ұмтылған. Абырой болғанда, қаскүнемді Қағба күзетшілері дер кезінде байқап үлгерген.
Харам мешітінің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Самех әл-Сильмидың айтуынша, қолға түскен қаскүнемнің жасы 40-тар шамасында көрінеді. Ол тек қасиетті Қағбаны ғана емес, өзін қоса өртеп жібермек болған. Осы үшін үстіне де жанармай құйып алған екен. Сильмидың айтуынша, қаскүнем психикалық ауруға шалдыққан сияқты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.02.2017
6990
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру