Португалия құрамасының және мадридтік «Реалдың» үздік шабуылшысы Криштиану Роналду осыдан бір ай бұрын ғаламтор бетіне өзінің сириялық балақайларға бейне жолдауын орналастырған болатын. Футбол жұлдызының өнегелі әрекетін осы уақыт ішінде 15 млн-нан астам ғаламтор қолданушысы тамашалап, 2 млн жан ұнатқанын білдірген екен.
Аяқдоп шебері Алеппо шаһарындағы және басқа да жердегі соғыстан зардап шеккен сириялық балақайларға азық-түлік, медициналық және психологиялық тұрғыда қолдау көрстеуге бағытталған кампания жұмысына серіктестік танытып, «Балаларды қорғайық» бағдарламасы аясында сириялық балақайларға өз тілегін айтқан болатын.
«Сәлем! Бұл сириялық балақайлар үшін. Біз сендердің толассыз зардап шеккендеріңді білеміз. Мен атақты спортшымын. Бірақ нағыз қаһарман – сендерсіңдер! Ешқашан үміттеріңді үзбеңдер! Бүкіл әлем сендермен бірге. Біз сендер үшін алаңдаймыз! Мен сендермен біргемін.»
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.01.2017
4391
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру