Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пәкістан мектептерінде Құран сабағы енгізіледі

23.01.2017 3963 0 пікір

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясы үкіметі жалпы білім жүйесіне жаңа ереже енгізді: енді қасиетті Құран Кәрім сабағы барлық үкіметтік және жеке мектептер үшін міндетті пән болады.

Бастауыш және орта білім департаменті «Құран Кәрім негіздері» пәнін бастауыш сыныптары үшін, «Құран Кәрім түсініктемесін» 6-10 сыныптар үшін провинциядағы барлық үкіметтік және жеке мектептерге міндетті етіп бекітуге жоспарлайды.

Қазіргі білім жүйесіндегі екі бағдарлама біріктіріледі: жалпы білім (тіл үйрену және басқа пәндер) енді хафиздік дәріске (Құранды үйренуге) бағытталады. Бұған дейін оқушылар арнайы пәндерді таңдау еркіндіктері берілген болатын. Егер бала хафиздік білім беру жүйесін таңдаса, оны 6 сыныптан бастап Құран үйренуге бағытталған топқа ауыстырады. Жаңа ереже бойынша енді барлық оқушылардан қасиетті Құран Кәрімді үйренуі талап етіледі.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру