Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүмкіндігі шектеулі қажыларға жағдай жасалады

20.01.2017 3726 0 пікір

Жақын болашақта мүмкіндігі шектеулі қажыларға ерекше жағдай жасалмақ. Зағип және мүгедек жандар Мекке мен Мәдина қалаларына алаңдамай қажылық тәуабын жасай алады. Бұл туралы Ummet.kz сайты жазды.

"Қажылық істері жөніндегі Жоғары комитет төрағасы Мұхаммед бин Наиф мүгедек жандарға дұрыс көңіл бөлу бойынша Үлкен және кіші қажылық министрлігі ұсынысын зерттеуді тапсырды", - деп жазады Al Arabiya.

Ұсыныс құжатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы пандустар мен ғимараттарда қажетті құрылғылар орнату, сондай-ақ, мейманханада, қасиетті орындарда жүріп-тұруға, қажылықты ойдағыдай орындауға қолайлы жағдай тудыратын жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар, мүгедек жандарға арнайы жетекші қызметкерлері бар автобустар да бөлінеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру