Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Архиепископ: «Бәріміз 10 жылдан соң мұсылман боламыз»

18.01.2017 4236 0 пікір

Италия архиепископы Еуропа елдеріне ауқымды көлемде босқындардың ағылуы ай санап мұсылмандардың көбейуіне алып келетінін мәлімдеді, - деп жазады The Express.

«Он жылдан соң барлығымыз да мұсылманға айналамыз. Қазіргі кезде Италия мен Еуропа атеизмге қатты бет бұрып кетті. Ал ар-ұят, әдеп заңдарын ислам дінінен үйренуге тура келеді», - дейді архиепископ Карло Либерати.

Оның айтуынша, еуропалықтардың христиандық сенімі әлсіз күйде. "Шіркеулер тиімді жұмыс жүргізбейді, семинарларға халық жиылмайды", - деп санайды католик басшысы.

«Оның үстіне олардың отбасында балалар саны көп. Бізде керісінше», - деп ерхиепископ мұсылман және христиан отбасындағы туу көрсеткішіне де назар аударды. Католик басшысы Карло Либерати Еуропаға дәл қазіргі сәтте «шынайы христиандық өмір» қажеттігін, басқа жағдайда кәрі құрлықта ислам діні кең қанат жаятынын жеткізді.

E-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру