![]()
Басым көпшілігі мұсылмандар болып табылатын Түркия елі - Чарльз Дарвиннің эволюция теориясын оқу бағдарламасынан алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл жайлы "Turkishminute" порталы мен түріктік "Haberturk" газеті Түрік Білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Білім және ғылым министрі Исмет Йылмаз (İsmet Yılmaz) баспасөзге аталған өзгерістер 2017 жылы күшіне енеді деп мәлімдеді. Енді 12 сыныптың биология оқулығындағы "Өмірдің пайда болуы мен эволюция" туралы тарауын жояды. Оның орнына, оқушылар қоршаған ортаның тірі жаратылысқа әсері бөлімін оқитын болады.
Дарвин теориясы Ислам тұрғысынан қолайсыз екенін атап өткен жөн. Мұсылмандар Алланың жаратқанына сенеді және үзілді-кесілді барлық тірі организмдер кездейсоқ нәтиже болып табылады деген және адам ең төменгі организмдерден дамыды деген теорияға қарсы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.01.2017
4394
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру