Таяу уақытта Тәжікстанның көптеген діни қызметкерлері мұсылманша неке рәсімін өткізу құқығынан айрылатын болады. Бұл міндетті енді тек мешіттің имам-хатибтары ғана орындайды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Тәжікстанның діни істер жөніндегі комитеті Парламенттің төменгі палатасына және Бас прокуратураға осындай заң жобасын ұсынды.
Діни істер жөніндегі комитеттің өкілі Хусейн Шокировтың сөздерінше, аталған заң жобасында имам-хатибатрдан басқа діни қызметкерлер заңсыз неке рәсімін өткізген жағдайда, олар әкімшілік жауапқа, тіптен қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Онда сонымен бірге кәмелеттік жасқа толмағандарды некеге отырғызуға тыйым салатын бап бар.
2011 жылдың қаңтар айында Тәжікстанның Отбасы кодексіне өзгерістер енгізіліп, ресми заңды түрде некеге отырған құжаттарын көрсетпесе, мұсылманша некелесу рәсімін жасауға тыйым салған.
Өткен жылдың наурыз айында Отбасы кодексіне туысқандардың үйленуіне тыйым салынатын өзгерістер енгізілген. Жас жұбайлар үйлену алдында міндетті түрде генетикалық тестен өтулері керек.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.01.2017
4113
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру